ENVIDA AI қаржы пирамидасының жолы кесілді

22.05.2026

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті «ENVIDA AI» қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізуде.

Тергеу амалдарына сай, жоба ұйымдастырушылары WhatsApp мессенджері арқылы «Еnvida ai ежедневный пассивный доход» және «Еnvida ai супер новый проект ежедневный пассивный доход» атауымен топтар құрып, азаматтарды тұрақты жоғары табысқа уәде беру арқылы тартқан.

Жобаның маркетингтік моделі көпдеңгейлі жүйеге құрылған. Негізгі табыс жаңа салымшыларды тарту есебінен қалыптасып отырған.
Жоба өзін нақты активтерге инвестиция салатын халықаралық экожүйе ретінде таныстырған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 370-тен астам салымшы тартылған.

Қатысушылар географиясы еліміздің алты өңірін қамтиды: Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы қаласы.
 Тергеп-тексеру жалғасуда.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью