Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
ЕО-да трансшекаралық көміртекті реттеу механизмі (Carbon Border Adjustment Mechanism, CBAM) аясында берілетін сертификаттардың бағасын Еуропалық комиссия 7 сәуір, сейсенбі күні алғаш рет жария етті. 2026 жылдың бірінші тоқсанында оның құны зиянды шығарындылардың 1 тоннасы үшін 75,36 еуро немесе 87,14 долларды құрайды.
Еуроодақ енгізген трансшекаралық көміртекті реттеу механизмі — өндірісі парниктік газдардың көп көлемде бөлінуімен байланысты импорттық тауарларға салынатын әлемдегі алғашқы баж. Reuters түсіндіруінше, бұл қатарға болат, алюминий және цемент секілді өнімдер кіреді.
Германияның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі федералдық ведомствосының сайтында көрсетілгендей, әрбір СВАМ (Еуропалық Одақтың көмірқышқыл газы (CO₂) шығарындыларының жоғары импорттық тауарларға көміртек салығын енгізу механизмі — Carbon Border Adjustment Mechanism) сертификаты импортталатын тауарларды өндіруге байланысты көмірқышқыл газы баламасындағы 1 тонна шығарындыларға ( «сұр шығарындылар» деуге болады) тең. Егер бұл шығарындылар үшін үшінші елде көміртек бажы бұрыннан төленген болса, қосарланған салық салуды болдырмау үшін қажетті СВАМ сертификат қысқартылуы мүмкін.
Бұған дейін Еуроодақ өз энергия өндірісін ұлғайту мүмкіндіктерін қарастырып жатқаны хабарланған.