ЕО экономикалық мәселелерді талқылайды | Qazaq24.com
24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды.. Еуропалық одақ кезектен тыс саммит өткізеді.
Жиында экономикалық мәселелер талқыға түседі. Бұл туралы ЕуроКеңес төрағасы Антониу Кошта мәлімдеді. Жиын 12 ақпанға жоспарланған.
Басты мақсаты – геосаяси тұрақсыздық кезеңінде Еуроодақ экономикасын нығайтатын шешімдер табу.
Саммит күн тәртібіне бизнесті дамыту үшін бюрократияны азайтып, шарттарды жеңілдету, ірі технологиялық компанияларға баса назар аудару қажеттігі қойылды.
Еуроодақ олардың нарыққа баса-көктеп кіріп, ойына келгенін жасауға қарсы.
Әсіресе әлеуметтік желілердің зардабынан балаларды қорғауға мүдделі.
Бұдан бөлек, «кәрі құрлық» елдерінің өз инвестициясын тиімді игеру және серіктестермен сауда келісімін нығайту жайы ортаға салынады.
Кошта «Экономикалық өрлеу – Еуропа егемендігін бекіте түсудің кілті», - деді.
Читать полностью
Читать новость