Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Еуропалық Одақ жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығын ашады.
Ұлыбританиялық Гардиан газетінің мәліметінше, жаңа құрылым Еуроодақ пен өзге мемлекеттердің сарапшыларын біріктіреді. Басты міндет – Еуропаның ақпараттық кеңістігін қорғау болмақ. Сондай-ақ мамандар азаматтарды кибершабуылдарды ажыратуға үйретеді. Бастама Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен ұсынған «Демократия қалқаны» жобасына негізделген.