Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Құжатқа АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Еурокомиссияның сауда жөніндегі комиссары Марош Шефчович Вашингтонда қол қойды.
– Жеткізу тізбегіндегі әртараптандыру аса маңызды. Бұл минералдардың бір немесе екі аймақта шоғырлануы үлкен қауіп тудырады, – деді Марко Рубио.
Тараптар жартылай өткізгіштер, электр көліктерінің батареялары және қорғаныс саласы үшін қажет стратегиялық шикізат жеткізілімін үйлестіруге уағдаласты.
– Біз бірге әрекет ете отырып, мақсаттарға бұрынғыдан да жылдам қол жеткіземіз және осы маңызды салада күшейе түсеміз, – деді Марош Шефчович.
Келісім аясында тараптар субсидиялар мен қорларды үйлестіруді, ортақ стандарттар енгізуді және ғылыми зерттеулерге бірлесіп инвестиция салуды қарастырады.
Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам Қытайдың стратегиялық минералдар нарығындағы ықпалын теңгеруге бағытталған. Себебі Бейжің кей жағдайларда жартылай өткізгіштер мен жоғары технология өндірісіне қажет шикізат экспортына шектеу енгізіп келеді.
Сонымен қатар ЕО АҚШ-пен болат пен алюминийге қатысты сауда мәселелерін де талқылауда. Қазіргі таңда тарифтерге байланысты кейбір келіспеушіліктер сақталып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Еуропаның орталық банктері алтын қорын АҚШ-тан әкетіп жатқаны хабарланды.