Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Еуроодақ пен Үндістан еркін сауда келісіміне қол қойды. Келіссөздер 20 жылға жуық уақыт жалғасты.
Құжат Нью-Делиде Еуропалық комиссия мен Үндістан үкіметі тарапынан бекітілді. Тараптар 2 млрд тұтынушыны қамтитын ортақ нарық құруға уағдаласты. Бұл келісім Еуроодаққа жыл сайын кедендік баж салығынан 4 млрд еуроға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ тарифтерді төмендету арқылы 2032 жылға қарай экспорт көлемін екі есе арттыруды көздейді. Енді үнді еліне автокөлік импорты үшін баж салығы 11 есе төмендеп, 10 пайызға дейін азаяды. Химия және фармацевтика салалары мен алкогольді сусындар өндірісінде де бірқатар жеңілдіктер қарастырылады. Келісімді іске асыру келер жылдың қаңтарына жоспарланған.