Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Комиссияның жарияланған «AGILE» бағдарламасы қорғаныс саласында шағын және орта кәсіпорындар, стартаптар және өзінің қызмет ауқымын кеңейтіп отырған компаниялар әзірлеген технологияларды қолдауға бағытталған.
Бағдарлама жасанды интеллект, кванттық технологиялар және ұшқышсыз басқарылатын жүйелер сияқты салаларда технологияларды әзірлеу, сынақтан өткізу және орналастыруды жеделдетуге бағытталған.
Құны 115 млн еуро бағдарлама аясында компанияларға жылдамырақ және икемді қаржыландыру ұсынылады. Гранттар беру туралы шешімдер шамамен төрт ай ішінде қабылданады деп шамаланып отыр, ал әзірленген технологиялар қорғаныс саласында бір-үш жыл ішінде пайдалануға жарамды болады.
AGILE аясында барлығы 20-дан 30-ға дейін жобаны қолдау жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында тиісті шығындардың 100%-ын жабу шамаланған.
Еуропалық комиссияның атап өтуінше, қазіргі уақытта Одақ елдеріндегі қорғаныс шығындарының басым бөлігі ең ірі қорғаныс компанияларына бағытталып отыр.
Комиссия Еуропарламент пен ЕО Кеңесіне бағдарламаны іске асыру үшін қажетті заңнамалық база бойынша ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс қабылданған жағдайда бағдарлама 2027 жылдың басында күшіне енеді деп күтіліп отыр.
Бұдан бұрын Еуроодақ Ливандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.