Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Екінші айналымда Ерасыл 2022 жылғы «Қазақстан барысы» Мақсат Исағабыловпен бозкілемде жолықты. Бұл кездесуде қарсыластар ұпай еншілей алмады. Есесіне, төреші Мақсат Исағабыловқа белсенді күреспегені үшін үш ескерту беріп, Ерасыл Қажыбаев белдесу жеңімпазы атанды.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін елорда төріндегі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Республика күніне орай «Қазақстан Барысы – 2025» турнирі өтіп жатыр.
Осымен 14-ші мәрте жалауы желбіреген дүбірлі додаға жалпы саны 43 балуан бағын сынауға келген.
Айта кетейік, Ерасыл осыған дейін Kazinform тілшісіне жеңісті жолын жалғастыруға дайын екенін айтқан болатын.