Ербол Мырзабосынов туризм және спорт министрі лауазымында қалды

03.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ербол Мырзабосынов туризм және спорт министрі қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл лауазымды 2024 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалсын", – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Ербол Мырзабосыновтың өмірбаяны

Ербол Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін және Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасында ассистент, оқытушы-жаттықтырушы қызметінен бастаған.

2009–2014 жылдары Дене тәрбиесі кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар Семей мемлекеттік медицина университетінің Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2006–2018 жылдары "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың бұқаралық түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ-де оқытушы-жаттықтырушы болды.

2018–2020 жылдары "Қызылжар Арландары" спорт клубының директоры қызметін атқарды.

2020–2021 жылдары Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры болды.

2021 жылғы наурыздан бастап Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры қызметін атқарды.

2023 жылғы 27 ақпанда спорт істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

2024 жылғы қыркүйекте Ербол Мырзабосынов туризм және спорт министрі болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью