Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов «Ауыл» партиясы атынан жаңа Конституция жобасына қатысты баяндама жасады. Депутаттың айтуынша, партия өкілдері БАҚ пен қоғамдық алаңдарда түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатқанына қарамастан, партия ішінде жаңа Конституция жобасын қосымша талқылауды қажет деп санаған, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Мәжіліс
Осыған байланысты 2 ақпанда фракция отырысында, ал кеше барлық өңірлік филиалдар мен партия активінің қатысуымен өткен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Конституция жобасы егжей-тегжейлі қаралып, жан-жақты талқыланған. Кеңестердің қорытындысы бойынша «Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасына толық әрі бірауыздан қолдау білдірді.
Мақсат Толықбай: Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды
Депутат баяндамасында қоғамда таралып жатқан жалған ақпаратқа нақты тоқталды. Бірінші мәселе – жерді шетелдіктерге сату туралы қауесет.
«Әлеуметтік желілерде жаңа Конституция жобасынан бұл тыйым білдіртпей алып тасталды деген пікірлер кеңінен таралып отыр. Бұл ақпараттың жалған әрі шындыққа сай келмейтінін бүкіл жауапкершілігіммен атап өткім келеді», деді ол.
Жерге, жер қойнауына, суға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қатысты негізгі тұжырымдар өзгеріссіз қалған. Конституциялық реформа шеңберінде мемлекеттің іргелі қағидаттары әлсіреген жоқ, керісінше нығайтылды. Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның бүкіл аумағы бөлінбейтін, қолсұғылмайтын және мемлекет қорғауындағы біртұтас кеңістік екенін нақтылайды.
Екінші мәселе – адами капиталды мемлекеттің стратегиялық таңдауы ретінде дамыту.
«Ата Заңда Қазақстан Республикасы адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияларды дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде мойындайтыны анық жазылған.
Сондай-ақ, мемлекеттің адамдарға жүйелі әрі дәйекті түрде инвестициялар салу, білім мен ғылыми саланы дамыту, сол арқылы ұлттың адами әлеуетінің сапасын көтеру жөніндегі ұзақ мерзімді ниетін көрсетеді.
Бұл жаңа Конституцияның басқа да ережелерінде баса көрініс табатынын атап өту маңызды.
Ата Заң зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтеді, мұның өзі үздік халықаралық құқық қолдану практикаларына сәйкес келіп, инновациялық даму үшін қолайлы құқықтық орта жасайды», деді депутат.
Депутаттың айтуынша, технологиялық даму экономиканы, еңбек нарығын, әлеуметтік процестерді күн сайын өзгертіп жатқан қарқынды әлемде басты ресурс енді табиғи қазбалар емес, адамдар, олардың білімі, құзыреті мен зияткерлік әлеуеті болып отыр. «Білім экономикасы» барлық басты өзгерістердің негізі әрі қозғаушы күші болып табылады. Конституциялық деңгейде адами капиталды дамыту бағытын бекіту Қазақстанға әлемдік дамудың алдыңғы шебіне шығуға және дамыған мемлекеттер арасында лайықты орын алуға нақты мүмкіндік береді.
Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау
Үшінші маңызды жаңалық – арнаулы құқықтық режимдер мен «қарқынды дамитын қала».
«Жаңа Конституция жобасында «Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерін қарқынды экономикалық дамыту мақсатында «қарқынды дамитын қала» арнаулы құқықтық режимін белгілеу мүмкіндігі бекітіледі», деді Е.Саурықов.
Бұл режимде мемлекеттік басқару мен сот жүйесінің жұмыс ерекшеліктері қарастырылуы мүмкін, бірақ ол конституциялық заңдар шеңберінде қатаң жүзеге асырылады. Әлемдік тәжірибе (Қытай, БАӘ, Үндістан, Вьетнам) осындай тетіктердің жоғары тиімділігін көрсетеді. Норма ел аумағының унитарлығын, тұтастығын бұзбай, экономикалық икемділік пен инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз етеді.
Сөз соңында Ерболат Саурықов жаңа Конституция жобасының қоғам сұранысы мен мемлекеттің стратегиялық мүдделеріне сай екенін атап өтті.
«Біздің фракция жаңа Конституция жобасын толығымен қолдап, елдің тұрақты дамуы, мемлекеттілікті нығайту және болашақ ұрпақтың әл-ауқаты үшін әріптестерімізді оны қолдауға шақырады», деді депутат.
Жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқығын цифрлық ортада қорғау нормасы бекітілді
Соңғы жаңалықтар
Алматыда қандай кітапханалар тәулік бойы жұмыс істейді?
Қоғам • Бүгін, 11:52
Ерболат Саурықов: Ата Заң зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтеді
Қоғам • Бүгін, 11:43
Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзімге бекітіледі
Ата заң • Бүгін, 11:35
Заңсыз марганец өндірген қостанайлық тұрғын сотталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:20
Мақсат Толықбай: Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды
Ата заң • Бүгін, 11:10
Мемлекеттік басқару академиясында жаңа Конституцияның жобасы талқыланды
Қоғам • Бүгін, 11:03
Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді
Қоғам • Бүгін, 10:58
Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау
Ата заң • Бүгін, 10:43
Бала күтімімен отырған әкелердің декрет уақыты еңбек өтіліне қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:33
Трамп Гарвардтан 1 млр доллар көлемінде өтемақы талап етті
Әлем • Бүгін, 10:21
Ақтөбе тұрғыны ұрланған миллиондарын қайтарамын деп тағы алданды
Қоғам • Бүгін, 10:10
Үш адамның өмірін қиған өрт: Қылмыскер 25 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:59
АҚШ ирандық ұшқышсыз ұшу аппаратының көзін жойды
Әлем • Бүгін, 09:45
Қаржы • Бүгін, 09:34
Геосаяси шиеленістің зардабы: Үндістандық IndiGo Алматыға рейстерін тоқтатты
Оқиға • Бүгін, 09:21