Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды

03.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бүгін Ыстамбұлда Ислам ынтымақтастығы ұйымының экономикалық және сауда байланысы жөніндегі тұрақты комитетінің 41 отырысы басталды. Басқосудың басты тақырыбы – Газа секторындағы гуманитарлық дағдарыс.

Маңызды жиында сөз алған Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алып, халықаралық қауымдастықты көмек көрсетуге шақырды. Оның айтуынша қақтығысты тоқтату туралы келісімге қарамастан Израиль Газа секторы мен Батыс жағалауда атыс-шабысты тоқтатпай отыр.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Қақтығысты тоқтату туралы келісім күшіне енгелі бері екі жүзден астам жазықсыз адам опат болды. Біз оккупация мен шабуылын тоқтатпай отырған әкімшілікпен бетпе-бет келіп отырмыз. Израильдің іс-әрекеті – адамзатқа қарсы жасалған қылмыс. Халықаралық қауымдастық енді үнсіз қалмауға тиіс. Түркия палестиналықтардың құқығын қорғап, атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін барлық мүмкіндікті жасайды. 

Түркия Президенті Сириядағы ахуалға да тоқталды. Ердоғанның айтуынша Шам елінде азаматтық соғыс басталғалы бір млн-ға жуық адам қаза тапты. 4 млн-ға жуық сириялық босқынға Анадолы жері пана болды. Баспанамен, біліммен қамтамасыз етіп, гуманитарлық көмек көрсетті. Осы бағытта Түркия Сирия халқын қолдау мақсатында арнайы экономикалық және әлеуметтік бағдарламаны іске қосады. Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы ұйымы комитетінің отырысы екі күнге жалғасады. Жиында Газа секторына гуманитарлық көмек көрсету, қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру және ислам елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыру жолдары талқыланады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью