Ердоған мен Макрон Украина бойынша келіссөзді қайта бастау мәселесін талқылады

12.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөзді қайта бастау және басқа да мәселелерді талқылады. Бұл туралы Түркия президентінің әкімшілігі хабарлады.

Президенттер телефон арқылы сөйлесіп, Анкара мен Париж арасындағы екіжақты қатынастарды, сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелерді қарастырды.

"Тараптар халықаралық құқық негізінде Ормуз бұғазындағы еркін теңіз қатынасын қамтамасыз ету, Сириядағы жағдай, Кавказдағы бейбіт процесті қолдау, сондай-ақ Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөзді қайта жандандыру арқылы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мәселелерін талқылады", - деп мәлімдеді әкімшілік.

Ердоған Иранға жасалған жасалған шабуыл бүкіл әлемге кері әсер еткенін, Түркияның дипломатиялық күш-жігер арқылы атысты тоқтатуға ықпал етіп отырғанын айтты. Сонымен қатар, ол Ливандағы бітімді бұзуға бағытталған әрекеттерге жол бермеу қажеттігін және Газа секторында бейбіт жоспардың келесі кезеңіне өтудің маңыздылығын атап өтті.

Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен үш раунд келіссөз өткізді. Соңғысы 17-18 ақпанда Женевада ұйымдастырылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью