Ердоған мен Трамп Украина мәселесі бойынша ынтымақтастықты талқылады

11.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп Анкарада өткен келіссөзде Украинадағы жағдайды және алдағы қадамдарды үйлестіру мәселесін талқылады, деп мәлімдеді Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан.

"Ердоған мен Трамп Украинадағы жағдайды және осы бағыттағы қадамдарды үйлестіру мәселесін талқылады", – деді Фидан мемлекеттік TRT Haber телеарнасына берген сұхбатында.

Түркия СІМ басшысының айтуынша, Украина мәселесі екі ел басшыларының келіссөзіндегі негізгі тақырыптардың бірі болған. Алайда министр кездесудің басқа да егжей-тегжейін айтпады.

Украинадағы қақтығыс басталғаннан бері Түркия Мәскеумен де, Киевпен де байланысын сақтап, арағайындық жасап келеді. Анкараның қатысуымен бұған дейін астық және тұтқын алмасу келісімдері жасалған. Сонымен қатар Түркия басшылығы Ресей мен Украина арасындағы жаңа келіссөзді өткізуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью