Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров, Режеп Тайип Ердоған, Шавкат Мирзиёев түркі дүниесінің әйгілі рухани және тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.
Мемлекеттер басшылары ұлы ғұлама, әулие Қожа Ахмет Ясауи мен кесене аумағында жерленген басқа да белгілі тарихи тұлғалардың рухына зиярат етті.
"Президенттерге кесененің XIV ғасыр соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынғаны, көлемі жағынан әртүрлі 35 бөлмеден тұратыны жөнінде ақпарат берілді. Ғимараттың ішкі биіктігі 39 метрді, ал сыртқы биіктік өлшемі 41 метрді құрайды. Мәртебелі меймандар қабірхананы, орталық бөлмеде орналасқан қазандықты, тайқазанды және қола лауханы аралап көрді", - деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
Сондай-ақ экспозицияда түркі-ислам әлемінің белгілі ойшылдары мен шайырларының еңбектерінен тұратын 45 кітап қойылған. Олардың арасында Қожа Ахмет Ясауидің "Диуани Хикмет", Низамидің "Хамса", Науаидің ғазалдары, Бақырғанидың шығармалары, Фирдоусидің "Шахнама", Физулидің "Ләйлі мен Мәжнүн" дастаны, сонымен бірге "Манас" жырының үзінділері және басқа да сирек кездесетін туындылар бар.
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған кесенеге османдық каллиграф Ахмед Шемседдин Карахисаридің қолынан шыққан Құранды сыйлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты
27 сәуір 18:41 1
Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды
29 сәуір 08:10 1
Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті
12 мамыр 22:48 2
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу