Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткізген келіссөздерге жоғары баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін екі елдің басшысы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында шағын және кеңейтілген құрамда кездесті. Одан кейін стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді.
"Қадірлі бауырыммен өткізген кездесуде саудадан бастап энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандағы өзекті мәселелер секілді көптеген тақырыпта пікір алмастық. Біз сауда айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенімізді растадық", - деді Ердоған.
Осы орайда Түркия президенті 15 сәуірде Астанада өткен үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысында қабылданған іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың маңыздылығын да ерекше айтты. Ол құжат 67 тармақтан тұрады.
"Біз инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз. Бүгінгі бизнес-форум сияқты іскерлік ортаны біріктіретін іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту тұрғысынан аса маңызды", – деді Ердоған.