Ерекше баласы бар ананы кемсіткен коуч кешірім сұрады (видео)

15.01.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әлеуметтік желіде танымал болған коуч Бақытбай Сабырбеков ерекше баласы бар әйелден көптің көзінше кешірім сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.

Оның әрекеті қоғамда қызу талқыға түскен еді. Бақытбай Сабырбеков көпшілік өзін дұрыс түсінбегенін айтып, ақталды. Сонымен қатар ерекше баласы бар анаға Умраға жолдама сыйлады.

"Балжан ханым, сізді бүкіл халықтың алдында қатты сөз айтып қойғаным иіліп тұрып кешірім сұраймын. Негізі ерекше баласы бар аналар нағыз батыр ғой. Балаңыз немесе күйеуіңіз екеуіңіз қасиетті мекенге барып, дұға тілеп қайтыңыздар", - дейді ол.

Әйел сыйлықты қабыл алып, Умраға баруды армандап жүргенін айтты. 

"Бір кісі "балаңды Қажылыққа апар, дұғаң қабыл болады деген еді. Кеше сіз бір кісіге Қажылыққа жолдама сыйлағанда қатты қызықтым. Жылап, дұға еткен едім", - дейді келіншек.

Алайда коучтың әрекетін әлі қызу талқыға түсіп, түрлі пікір жазылып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью