Ерекше жандардың еленбеген еңбегі

28.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Еліміз бойынша 750 мыңнан астам адамның мүгедектігі бар. Ал Батыс Қазақстан облысында 26 293 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Сала мамандары мүгедектігі бар адамдар саны жыл сайын өсіп келе жатқанын алға тартып отыр. Бірақ біздің бүгінгі айтпағымыз ол емес. Қамкөңіл жандардың еңбекке араласуы, олардың құқығының қорғалуы жайында сөз етеміз.

БҚО-дағы 26 249 мүгедектігі бар адамның 14 198-і еңбекке жа­рамды, ал нақты еңбек етіп жүр­гені 4 491 адам. Қазір 2 732 адам жұ­мыссыз ретінде тіркелген. Бұ­дан байқайтынымыз, жалпы елі­мізде мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау былай тұрсын, оларға жұмыс тауып берудің өзі үлкен мәселеге айналған. 

Облыстық Жұмыспен қамту басқармасы жыл басталғалы 69 адам жұмысқа орналасқанын мә­лімдеп отыр. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту квота тағайындау әдісімен жүреді. Өңірде 2025 жылы 65 ме­кемеге 91 адамды жұмыспен қамту үшін квота тағайындалған. Ал биыл 52 мекемеге 82 адам орна­лас­тырмақ. 

– Жалпы, мүмкіндігі шектеулі азаматтың еңбекке араласуы өзі­нің ниетіне байланысты. Егер ең­бекке жарамды болса, жұмыс істеуге құлшыныс болса, біз ондай азамтарды жұмысқа орналас­ты­руға тырысамыз. Жалпы, жеке кә­сіпкер болсын, мемлекеттік ор­ган басшысы болсын, кімді жұ­мысқа қабылдап жатқанын түс­і­неді. Бірақ осыған қарамастан кей­де басшылар тарапынан шет­те­тулер, қақпайлаулар болып тұ­рады. Бізге келіп мұңын шаға­тын­дар бар. Бұл азамтармен жұмыс істеу үлкен еңбек пен шыдамды­лықты қажет етеді, – дейді БҚО мүгедектері ерікті қоғамының төра­ғасы Жұмажан Қожанов. 

Жұмажан Қожанов мүгедектігі бар адамдар үшін ең дұрысы шағын кәсіппен айланысу екенін айтты. Өзі қолынан келетін дү­ние­ні жасап, соны сатып үйренсе, ешкімнен қағажу көрмейді. 

БҚО Еңбек инспекциясы «мү­гедектігі бар азаматтардың еңбек құқығы бұзылғаны туралы ешқан­дай дерек пен арыз-шағым жоқ» дейді. Бұл олардың құқығы бұзыл­майды дегенді білдірмейді. Орал қаласының тұрғыны Гүлназ Габ­дуллина үшінші топтағы мүгедек. Өзі жұмыссыздықтың зардабын көп тартқан жандардың бірі. Ол былтыр үйде отырып жартылай өнім дайындап сату туралы шешім шығарып, ол идеясы мемлекеттен қолдау тапқан. Қазір жартылай дайын өнімдер жасап, нарыққа шығарып отыр.

Қоғамда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қырын қарау үрдісі барын Гүлназ да айтып қалды. Олар соған қарамастан көппен бірдей еңбекке араласуға тырысып жүргенін айтады. Елдегі мүге­дек­тігі бар азаматтардың құқықтары тек әлеуметтік саясат емес, соны­мен қатар тең, әділ қоғам құрудың басты шарты іспетті. Әрине, бұл бағытта оң өзгерістер бар. Алайда қолжетімді ортаны дамыту, ин­фра­құрылымды бейімдеу, қоғам санасын өзгерту, заңнаманы нақ­ты іске асыру сынды мәселелер жеткілікті.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью