Ерен еңбегі еленгендер: Атырауда жұмысшылар марапатталды

25.12.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірдің әлеуметтік-экономикалық және өндірістік дамуына елеулі үлес қосқан жұмысшы мамандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын табыс етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы өз сөзінде:

Жұмысшы мамандықтар жылы аяқталғанымен, олардың еңбегі кез келген кәсіпорынның, өндірістің және жалпы экономиканың берік негізі екенін атап өтті. Еңбек адамдарының үлесі ел дамуының басты тірегі екенін ерекше айтты.

Марапатталғандар қатарында:

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені — Жылыой аудандық электр желілері оперативті шығу бригадасының электромонтері Танат Әлжанов; «Ерен еңбегі үшін» медалі — Жедел-жәрдем жүргізушісі Өмірбай Қазиев, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В» филиалы газтурбина стансасының операторы Арман Құлатаев, экскаватор операторы Дастан Сұрманов, «Потенциал Ойл» ЖШС өндіріс учаскесінің бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика слесарі Нұрғали Өтешов.

Бұл марапаттар еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін айқындап, олардың еңбегіне деген құрметтің нақты көрінісі болды.


Бүгін, 19:01

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью