Ерен еңбек бағаланған күн

26.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сала үздіктерін кәсіби ме­ре­ке­мен құттықтаған Аида Балаева Мемлекет басшысының сөзін мысалға келтірді. «Бүгін Пре­зидентіміз бұқаралық ақпарат құралдарының ардагерлері мен жас журналистерге мемле­кеттік наградаларды тапсырды. Осы орайда Мемлекет басшы­сының сөйлеген сөзінен үзінді келтіргім келеді. Бұл сөз­дер бүкіл медиа саласының еңбегіне берілген жоғары баға деп білемін.

«Журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көте­ріп, жұрт мүддесіне адал қыз­мет етіп келесіздер. Қазіргі жа­һан­дық технология дамыған заман­да азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналис­тер қауымына жүк­телген абы­ройлы міндет сана­лады. Мемле­кет сіздердің ерен еңбекте­ріңіз­­ді жоғары баға­­лайды. Ел Президенті ретін­де бүгін мен барша медиа са­ла­сы мамандарына шы­найы ризашылығымды білдіре­мін», деді Мемлекет басшысы. Шын мәнінде, кейінгі жыл­дары елі­мізде ауқымды саяси рефор­малар жүзеге асырылды. Осы үдерісте бұқаралық ақпа­рат құралдарының атқар­ған рөлі айрықша. Мемле­кеттік бастамалардың, бағдар­ламалармен арнайы жобалар­дың табысты іске асуы көп жағ­дайда қоғамның қолдауына бай­ланысты. Ал сіздер мемлекет пен қоғамды, билік пен ха­лық­ты жалғаған алтын көпір ретін­де аса маңызды миссияны ат­қарып келесіздер», деді Премьер-министрдің орынбасары.

Елімізде медиа саланы жүйе­лі жаңғырту жұмысы жал­ға­сып келеді. Атап айтқан­да, 2023 жылы цифрлық плат­фор­ма­лардың қызметін реттеуге және интернет-жарнама на­рығының ашықтығын қам­та­масыз етуге бағытталған «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң қабылданды. Ал 2024 жылы мау­сымда күшіне енген «Масс-медиа туралы» заң саланы дамыту үшін заманауи құқықтық жағ­дай қалыптастырып, сөз бос­тан­дығының кепілдіктерін нығайтты.

Биыл 1 шілдеден бас­тап күшіне енетін жаңа Конс­ти­туцияда сөз бостандығының, ақпарат алу құқығының және дербес деректерді қорғау­дың кепілдіктері күшейтіліп, ашық әрі жауапты ақпараттық кеңістікті дамытуға берік негіз қаланды.

Бүгінде елімізде 5 303 бұ­қа­­ралық ақпарат құралы тір­келген. Оның ішінде 3 181 мер­зімді баспасөз басылымы, 253 телеарна, 97 радиостанса, сондай-ақ 1 457 ақпарат агенттігі мен желілік басылым бар.

Кәсіби мерекеге орай сала қызметкерлері «Құрмет» орде­ні, «Ерен еңбегі үшін», «Ша­пағат» медальдары және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі­мен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар медиа саласының өкіліне «Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Марапат алғандар қатарында «Қазақ газеттері» серіктестігі­не қарасты басылымдардың да бір топ қызметкері бар. Атап айтқанда, «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет­ті атағымен, газетіміздің аға тілшісі Бекен Қайратұлы, «Ка­захстанская правда» газетінің жауапты хатшысы Гүлайым Төлешева «Құрмет» ордені­мен, «Egemen Qazaqstan»-ның Әлеумет және спорт бө­лімінің меңгерушісі Жомарт Оспан, басылымның Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Мұрат Аяған, «Ка­захстанская правда» газеті бас редакторының орынбасары Наталья Куртякова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью