Ереван Алматы бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

12.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрлігінің мәліметінше, 12 маусымнан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Арменияның жаңа әуе компаниясы – «FlyOne Armenia» қосылды.

Әуе тасымалдаушы Ереван – Алматы бағыты бойынша аптасына екі рет, дүйсенбі және жұма күндері тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды. Соның нәтижесінде Қазақстан мен Армения арасындағы әуе рейстерінің жиілігі аптасына 3 рейстен 5 рейске дейін артады.

«Министрлік ұшу бағыттарының географиясын кеңейту мен халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қазақстан мен Армения арасындағы жаңа әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді», делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Ведомство халықаралық әуе бағыттарын кеңейту жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыратынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін FlyArystan компаниясы жазғы демалыс маусымына орай Атыраудан Батумиге тікелей рейс ашты. Сондай-ақ компания жақында Астана мен Ақтаудан Батумиге тікелей рейстер қатынайтынын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью