Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: ERG— Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі мен қадір-қасиеті — мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені нақты бекітіліген. Бұл біз үшін қарапайым әрі түсінікті қағидалар: еңбек қауіпсіздігі — формалды іс емес, мызғымас міндет, жұмысшы құқығын қорғау– өтініш емес, заң, — дейді ERG Көмір дивизионының кеншілері.
«Шұбаркөл көмір» АҚ мен «Восточный» разрезі — еліміздегі энергетикалық көмір өндіретін ең ірі кәсіпорындар қатарында. Олар Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып келе жатқан өнеркәсіп нысандары.
Фото: ERGФото: ERG— Бүгін ел жаңа Конституцияны қабылдау секілді маңызды шешімнің алдында тұр. Еңбек ұжымы үшін бұл жай ғана құжат емес: бұл — өмір мен дамудың негізі, құқық пен бостандықтың кепілі. Конституцияда адам, оның өмірі мен қадір-қасиеті мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені нақты көрсетілген, — деп атап өтті ERG Көмір дивизионының операциялық директоры Сергей Ким.
Кеншілер кәсіпорын табысы тәжірибе мен жастық жігердің, берік дәстүр мен өндірістегі заманауи тәсілдердің үйлесіміне негізделгенін атап өтті. Еңбек қауіпсіздігінің жоғары стандарттары, қызметкерлердің біліктілігі және технологияларды тұрақты дамыту — жұмыстың негізгі бағыттары болып қала бермек.
Еліміздің болашағы өзіміз қабылдаған шешімдерге байланысты. Референдумға қатысу — осы тағдыршешті істен шет қалмай, өз болашағыңды таңдауға атсалысу деген сөз.
Фото: ERG«Шұбаркөл көмір» АҚ және «Восточный» разрезінің кеншілері референдумға белсенді қатысып, дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Айта кетейік, «Қазхром» ТҰК» АҚ қызметкерлері де қазақстандықтарды референдумға қатысуға шақырған еді.