ERG ұжымы референдумды қолдайды

18.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Атап айтқанда, ERG директорлары кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов, сондай-ақ «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Соколов-Сарыбайское тау-кен өндірістік бірлестігі» АҚ, «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Евроазиттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Қашар кені» АҚ және «ERG Service» ЖШС өкілдері мәлімдеме жасады.

— Еліміздің әр тарапындағы алуан түрлі маман ERG-дің мыңдаған еңбек ұжымына біріккен. Бізді тек ортақ іс қана емес, еңбектің ортақ құндылықтары да біріктіреді. Өнеркәсіп үшін бұл — абстрактілі түсінік емес. Жауапкершілік, кәсіби біліктілік пен қауіпсіздік — нәтижеге жетелейтін күн сайынғы еңбек, — делінген хабарламада.

Қазақстанның жаңа Конституциясы адам мен оның құқықтарын мемлекеттік саясаттағы орталық құндылық ретінде айқындап, осыған ерекше екпін түсіреді. Компания үшін мұның тікелей мәні бар.

— Еңбек ету құқығы бұрынғыдан да орнықты конституциялық негізге ие болды. Сонымен қатар жұмыс орнының сапасы, еңбек жағдайы мен әлеуметтік тұрақтылық жүйелі басымдыққа айналған экономикалық көзқарас нығайтылды. Қауіпсіз еңбек ету құқығының конституциялық тұрғыда бекітілуі де маңызды. Еңбек қауіпсіздігі тек корпоративтік міндет қана емес, мемлекет пен жұмыс берушілердің тікелей міндетіне айналып отыр, — делінген компания мәлімдемесінде.

Компания мәліметінше, жаңа Конституцияда табиғатты қорғау, жерге барынша ұқыпты әрі жанашыр көзқарас таныту — мемлекет пен азаматтардың жауапкершілігі екені айқын жазылған. 

— Әлеуметтік кепілдіктер — ең төменгі еңбекақы, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік осал топтарды қолдау — бұрынғыдан да орнықты сипат алды. Бұл әрбір еңбек адамына қажетті тұрақтылық сезімінің негізі. Жаңа Конституция өнімділік, әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік ұстаным арасындағы заманауи тепе-теңдікке негізделген. Ендігі жерде оның әлеуметтік қана емес, экономикалық өлшемдері де айқын, — дейді.

Фото: ERG

Институционалдық ортаның тұрақтылығы мен болжамдылығы бизнестің дамуына тікелей әсер етеді.

— Экономиканы, инвестицияларды және өндірісті жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін ең алдымен мемлекеттік жүйенің ұзақ мерзімді орнықтылығы қажет.

Экономикалық жағдай тұрақты әрі баршаға түсінікті болған жағдайда кәсіпкерлер өсімге, кеңеюге және жаңа шешімдер енгізуге ұмтылады. Мұндай ортадан компаниялар, қызметкерлер және жалпы мемлекет ұтады. Білім беру, ғылым мен инновацияларды басым бағыттар ретінде белгілеудің де маңызы зор. Жаһандық бәсекелестік жағдайында білім, технологиялар мен адам капиталы дамудың шешуші ресурсына айналып отыр. Конституцияда ғылым, ғылыми шығармашылық, технологиялық ілгерілеу, экономиканы жаңғырту және жаңа салаларды қалыптастырудың ұзақ мерзімді негізі ретінде танылған, — делінген пікірде.

Бүгінде өнеркәсіп, технологиялар мен ғылым арасындағы өзара байланыс бұрынғыдан да айқын. Индустрияның бәсекеге қабілеттілігі инновацияларға, инженерлік шешімдерге және елдің ғылыми әлеуетіне тікелей байланысты.

— Жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімді орнықтылығы үшін адам капиталын дамытуды стратегиялық түпқазыққа айналдырады. Бұл жағдайда референдум — тек формальды рәсім емес. Бұл азаматтардың елдің болашақ құрылымын айқындауға тікелей қатысу тетігі. ERG-дің мыңдаған еңбек ұжымы Қазақстанның жаңа Конституциясына қатысты референдум өткізуді қолдайды және баршаңызды дауыс беруге шақырады. Біз бүгін қабылдайтын шешімдер ертеңгі келешегімізді қалыптастырады, — дейді компания өкілдері. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью