Ерікті қоныс аудару жоспары: Жұмыс пен баспана жағдайын енді онлайн білуге болады

09.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: gov.kz

Жаңа сервис пайдаланушыларға қоныстандыру өңірін таңдап, сол аймақтағы еңбек нарығы, тұрғын үй жағдайлары, мемлекеттік қолдау тетіктері мен бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын өзге мүмкіндіктермен танысуға мүмкіндік береді.

Порталда сұранысқа ие мамандықтардың өзекті тізімі де жарияланған. Еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес тізім тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Қазіргі таңда ең сұранысқа ие мамандықтар қатарында:

денсаулық сақтау саласының мамандары; мұғалімдер мен педагогтер; инженерлік-техникалық мамандар; ауыл шаруашылығы қызметкерлері; механизаторлар, тракторшылар және жүргізушілер; электр мамандары, дәнекерлеушілер, токарьлар; құрылыс саласының жұмысшылары; бухгалтерлер, экономистер және әлеуметтік сала мамандары бар.

Шетелге қоныс аударған Қазақстан азаматтарына да зейнетақы төленеді

Сонымен қатар порталдың интерактивті картасында елді мекендер, әлеуметтік инфрақұрылым, маңызды нысандар және кеңес алуға болатын байланыс деректері көрсетілген. Бұл қоныс аудару процесін алдын ала жоспарлауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Аталған цифрлық сервис мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға және азаматтарға тұрғылықты жерін өзгерту туралы шешім қабылдауға көмектесуге бағытталған», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Платформалық жұмыскер мәртебесі қашан нақтыланады?

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылы ерікті қоныс аудару өңірлері ретінде Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары белгіленген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп несие берешегін реттеуге арналған бірыңғай цифрлық платформасын әзірлеп шығарған болатын. Платформа банк және микроқаржы омбудсмандары негізінде 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью