Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Шым» жобасы іске асырылып, оған қаланың белсенді жастары атсалысып келеді. Жақында жастар Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекеніне барып, аумақты қоқыстан тазалады. Өз кезегінде аудан әкімдігінің мамандары да жастарға қолғабыс көрсетті. Қажетті құрал-сайман, техникамен қамтамасыз етті.
Жалпы, қыс мезгілінде қала тұрғындары Ақтас ауылына келіп сырғанақ тепкенді ұнатады. Алайда кей жағдайда табиғат аясында демалушылар тазалық ережелерін ұмыт қалдырып жатады. Соның салдарынан қоршаған ортаның кейпін бұзған қоқыстар пайда болады. Оларды жинауға жалғыз ауыл тұрғындарының шамасы жетпейді. Сол себепті қала жастары ақтастықтарға көмекке келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты – айналаны тек қоқыстан тазарту емес, сонымен бірге, тұрғындарды қаланы таза ұстауға шақыру. Тазалық акциясы сонысымен де маңызды. Айнала мұнтаздай таза болса, біріншіден, туған жердің экологиясына пайда, екіншіден, тұрғындардың қоғамдық жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетеді. Мұндай бастамаға жастардың тартылуы келешек сапалы ұрпақтың қалыптасуына негіз қалайды.
«Тазалық әр отбасынан басталуы керек. Осы орайда жастардың белсенді араласуымен шаһарда «Таза Шым» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Тазалық іс-шарасында ерекше көзге түскен ерікті жастарға айтар алғысымыз зор. Жоғары оқу орындарының студенттері жұмыс та істеп, арасында флешмоб ұйымдастырып та үлгеріп жүр. «Таза Қазақстан» акциясы қала, елді мекендерді қоқыстан тазартумен қатар, адамдардың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыруға үндейді. Қоршаған ортаның тазалығына мән беру адам бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятады. Жастарды табиғатты аялауға үйретеді. Сол тұрғыда «Таза Қазақстан» акциясы, оның аясында іске асып жатқан «Таза Шым» жобасы әрі тазалықты көздеген, әрі рухани кемелдікке үндеген маңызды бастама. Ақтас елді мекенінде ұйымдастырылған тазалық іс-шарасына Шымкенттің екі жүзге жуық ерікті жасы қатысты», дейді мегаполистегі Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман.
Акция барысында қатысушылар «тазалықты сақтау бір күндік науқан емес, күнделікті дағды болуға тиіс» деген пікірді алға тартып, баршаны осы қағиданы қалыпты ұстануға шақырды. Жастардың ұйымдасуымен өткен іс-шара шаһардың тазалығына ғана емес, қоғамның экологиялық санасының оянуына да өз септігін тигізеді.
ШЫМКЕНТ
Соңғы жаңалықтар
Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:47
Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 09:39
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді
Қысқы спорт • Бүгін, 09:06
Рухани дипломатияның маңызы арта түсті
Саясат • Бүгін, 09:00
Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды
Саясат • Бүгін, 08:58
Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба
Қоғам • Бүгін, 08:55
Саясат • Бүгін, 08:53
Өндіріс • Бүгін, 08:50
Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады
Саясат • Бүгін, 08:48
Технология • Бүгін, 08:45
Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ
Референдум • Бүгін, 08:43
Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?
Экология • Бүгін, 08:40
Референдум өткізу жоспары бекітілді
Референдум • Бүгін, 08:38
Цифрлық емхананың онлайн кеңесі
Digital • Бүгін, 08:35