Еріктілер Болашақ ойындарының басты тірегі

25.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Осындай ауқымды халықаралық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруда волонтерлердің атқаратын рөлі айрықша. Осы орайда ерікті болуға ниет білдірген азаматтардан 1 400-ден астам өтініш түскен. Үміткерлерге қойылған негізгі талаптардың қатарында жасы 16-дан кіші болмауы, шет тілін B1-B2 жә­не одан жоғары деңгейде меңгеруі, командада жұмыс істей білуі және түрлі жағ­дай­ларға тез бейімделуі болды.

Іріктеу қорытындысында 1 000 үміткерден тұратын қорытынды пул жасақталды. Оның ішінде 800 волонтер негізгі жұмыс құрамына тартылып, қалған қатысушылар резервке енгізілді. Еріктілер жарысты ұйымдастырудың қыр-сырымен танысып, өз бағыттары бойынша дайын­дықтан өтті.

Волонтерлер үшін қажетті жағдай жасауға да ерекше кө­­­ңіл бөлінді. Ауысым ке­зін­­­дегі тамақтану, бейдж ар­­­қылы қоғамдық көлікте те­гін жүру, түнгі ауысымнан ке­йін тасымалдау, жазатайым оқи­­ғалардан сақтандыру, ны­сан­­­дардағы арнайы штабтар мен демалыс аймақтары қа­растырылды. Сонымен қа­тар еріктілер ауызсумен, ыс­тық сусындармен, теледидар­лар және PlayStation кон­соль­дерімен қамтамасыз етіледі.

Бағдарламаға әртүрлі буын өкілдері қатысып жатыр. Ең жас волонтер –
16 жас­та болса, ең үлкені – 70 жас­та. Бұл халықара­лық дең­гейдегі ірі спорттық оқи­ға­ның бір бөлігі болуға деген ұмтылыстың жасқа қара­майтынын көрсетеді.

Жарыс басталғанға дейін әрбір волонтер арнайы оқыту курсынан өтеді. Бағдарлама барысында олар халықаралық сервис стандарттарын, спортшылармен, ресми делега­циялармен, бұқаралық ақ­парат құралдарының өкіл­дерімен және жанкүйер­лер­мен жұмыс істеу ерекше­ліктерін меңгереді.

Турнир кезінде ерікті­лер 16 функционалдық бағыт­та қызмет атқарады. Олар қатысушыларды әуежайдан қарсы алып, аккредиттеуден өтуіне көмектеседі, рес­ми делегацияларды сүйе­мелдейді, көлік логистикасын үйлестіруге қатысады. Сон­дай-ақ медициналық қыз­меттер мен баспасөз орта­лығының жұмысына қол­дау көрсетіп, ашылу және жа­былу салтанаттарын ұйым­дастыруға атсалысады. Бұдан бөлек, спорт ареналары мен көрермендер аймақтарында да қызмет етеді.

Еріктілер алғашқы жарыс басталмай тұрып-ақ жұ­мысқа кірісіп, турнир то­лық аяқталғанға дейін көмек көр­сетеді. Олар қонақтарды алғаш болып қарсы алып, спортшыларға қолдау танытады, мыңдаған көрерменге бағыт-бағдар беріп, барлық қызметтің үйлесімді жұ­­мыс істеуіне ықпал етеді. Осы­лайша, волонтерлер «Бо­ла­шақ ойындары – 2026» тур­нирінің жоғары деңгейде ұйым­дастырылуына, қо­­нақ­­­­жайлық пен ашық­тық ­ат­мосферасының қалып­­та­суына және халықаралық спорттық іс-шараның табысты өтуіне елеулі үлес
қоспақ.

«Болашақ ойындары – 2026» аяқталғаннан кейін бағ­дарламаға қатысқан әрбір волонтерге халықаралық үлгідегі волонтерлік сертифи­кат пен турнирдің арнайы брендтік естелік сыйлықтары тапсырылады. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью