Еріктілер еңбегі бағаланады: ЖОО ға қабылдауда ескеріледі

06.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Елімізде волонтерлік қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Құжат еріктілер қозғалысын жетілдіріп, әр саладағы жұмысты жүйелеуді көздейді, - деп хабарлайды Aikyn.kz cайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Салдарынан биылдан бастап жоғары оқу орындарына түсу кезінде мектеп түлектерінің қоғамдағы белсенділігі де ескеріледі. 

Құжатта салалық волонтерлікті дамытуға басымдық берілген. Бүгінде еріктілер 14 бағытта жұмыс істейді. Соның 12-сі бойынша арнайы әдістемелік құралдар дайындалған. Алдағы уақытта волонтерлерді жүйелі оқыту да жолға қойылады.

Мамандардың айтуынша, ерікті болу, еріккендердің тірлігі емес. Ол жастардың жауапкершілігін арттырып, көшбасшылық қабілетін шыңдап, кәсіби тәжірибе жинауына жол ашады.

Қазір елімізде 800-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Белсенділердің саны 300 мыңнан асса, өңірлерде үш жарым мыңға жуық бастамашыл топ қоғамдық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью