Еркебұлан Тоқтар кіммен жекпе жекке шыққысы келетінін айтты

07.01.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстандық Поп-MMA өкілі Еркебұлан Тоқтар Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің өзіне қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионымен бокстың классикалық ережелері бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты.

«Иә, Даниярдың пікіріне келісемін. Бұл жекпе-жекте спорттық мағына жоқ, бірақ коммерциялық қызығушылық бар. Олимпиада чемпионымен бір рингте жұдырықтасу  - мен үшін үлкен мәртебе», - деді Еркебұлан Тоқтар.

Оның айтуынша, Елеусіновтің көзқарасы түзу екенін білетінін айтты.

«Спорттық тұрғыдан маған да қызық емес. Ал коммерциялық жағынан жақсы ақша таба аламын. Бір-екі раунд шыдап бере аламын. Ол мені күліп жүріп ұрады. Таяқ жеймін. Бірақ ақша табамын», - дейді файтер.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью