Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, еркін күресінен 17 жасқа дейінгі бәсекеде Шымкент қаласының спортшылары 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншілеп, 128 ұпаймен жалпы есепте бірінші орыннан көрінді. Ал Абай обылысы (119 ұпай) мен Алматы қаласы (118 ұпай) үздік үштікті түйіндеді.
Фото: ҚР Күрес федерациясыЕркін күрес (U17) жеңімпаз-жүлдегерлер:
Еркін күрес | U17
Сегізінші жарыс күнінің жеңімпаз-жүлдегерлері:
45 келі
Арын ЖАНАТ (ШҚО)
Бекарыс ОРАЛБЕК (Абай обл)
Айсері СМАЙЫЛ (Жамбыл обл)
Әлем ТӨЛЕУБЕКОВ (Абай обл)
48 келі
Бақдәулет АҒАБЕК (Түркістан обл)
Ермахан НҰРЖАН (Абай обл)
Асқар НҰРАДИН (Түркістан обл)
Әбсаттар ӘМІРБАЙ (Жетісу обл)
51 келі
Сабыржан РАХАТОВ (Абай обл)
Ахмет ЖАНАТХАН (Шымкент қ)
Мұхаммад МУТИГУЛЛА (Атырау обл)
Бекислам ӘНУАРБЕК (Алматы қ)
55 келі
Темірлан МҰРАТ (Абай обл)
Тәмерлан ӘШЕНОВ (Ақмола обл)
Әлихан БАЙТҰРОВ (Абай обл)
Миляз ЛАЗГИЕВ (Алматы обл)
60 келі
Мардан ОРЫНБАСАР (Шымкент қ)
Ернар ТЕМІРБЕКОВ (Түркістан обл)
Ерұл ЖЕҢІС (Абай обл)
Ернұр АБДЫХАН (Алматы қ)
65 келі
Қуаныш ЖАҚСЫЛЫҚ (Жамбыл обл)
Замир ДАНИЯР (Алматы обл)
Әрсен ҚҰРАМАЕВ (Жамбыл обл)
Нұртас СЕЙІЛБЕК (Алматы қ)
71 келі
Әділет РЫСПАЙ (Түркістан обл)
Әли ҚУАТБЕК (Шымкент қ)
Омар АНАРҚҰЛ (Алматы қ)
Юнус ГАДЖИЕВ (Алматы қ)
80 келі
Әділбек ЕРБОЛАТОВ (БҚО)
Нұрдәулет ОҢҒАРБАЙ (Шымкент қ)
Даниар БЕЙСЕНҚҰЛ (Жамбыл обл)
Савелий БУГРОВ (Павлодар обл)
92 келі
Нұрислам АЙТУҒАН (Түркістан обл)
Игорь РЕЗНИКОВ (Алматы қ)
Ахмет МАҚСҰТ (Түркістан обл)
Алан МҰҚАШ (Жетісу обл)
110 келі
Сағындық ТЕМІРҒАЛИ (Жетісу обл)
Қуанәділ ПАЛИМБЕТОВ (Алматы қ)
Рыза МУШТАКОВ (Алматы қ)
Нұрислам АМАНБЕК (Шымкент қ)
Айта кетейік, 2026 жылғы 21 ақпан — 2 наурыз күндері аралығында Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі балуандар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.
Біріншілікке еліміздің барлық аймағынан 1200-ден астам балуан бақ сынап жатыр. Әр салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар Қазақстан құрамасының сапына қосылып, ресми чемпионаттарда ел намысын қорғайды.
Сонымен қатар, бұл чемпионатта отандық күрестің тарихында тұңғыш рет жүлдегерлерге сыйақы табысталып, жалпы жүлде қоры 60 млн теңгені құрап отыр.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, әйелдер күресінен 17 жасқа дейінгілер арасында ел чемпиондары анықталған болатын.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Албания астанасы Тиранада грек-рим күресінен 67 келі салмақта өнер көрсеткен Мейіржан Шермаханбет Muhamet Malo рейтингілік турнирінде жеңімпаз атанды.