Еркіндік марафоны : ЖСДП әлеуметтік әділеттілікке үндеді

25.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Елордадағы Триатлон саябағында Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) ұйымдастыруымен  «Еркіндік марафоны» өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz ЖСДП сайлауалды штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марафонға ЖСДП-дан ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Мақсұт Насибулов, Ажар Сағандықова, Нұрлан Әуесбаев, Нұрлан Жабаев, Наурыз Сайлаубай, сондай-ақ партия белсенділері, жастар қанатының мүшелері, еріктілер мен елорда зейнеткерлері қатысты.

Қатысушылар скандинавиялық жүріс таяқтарымен белгіленген қашықтықты еңсеріп, белсенді өмір салтын насихаттады. Партия бағдарламасында зейнетақы жүйесін түбегейлі жаңғырту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Онда зейнет жасын төмендетумен қатар, зейнетақы төлемдерін қазақстандық өмір сүру сапасының стандартына сәйкестендіру, сондай-ақ әрбір азаматтың қарттық шағын лайықты деңгейде қамтамасыз ету мемлекеттің тікелей міндеті екені көрсетілген.

– Бүгін біз белсенді зейнеткерлермен бірге бір сапта жүрдік.  Бұл – ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтудың, қоғамдағы өзара құрметті арттырудың көрінісі. Қарттық – адамның лайықты өмір сүретін кезеңі болуы тиіс. Сондықтан зейнет жасын төмендету – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды қадам, – деді Құрылтай депутаттығына кандидат Нұрлан Әуесбаев.

Сондықтан қатысушылар осы жас мөлшерлері таңбаланған арнайы киім үлгілерін киіп, марафон мәресін кесіп өткен.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью