Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
- Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың Ұлттық жобасын (ЭКСЖ) іске асыру шеңберінде электр энергиясын есепке алудың зияткерлік жүйелерін қамту үлесін ұлғайту жоспарланып отыр.
Осыған байланысты Ұлттық жоба шеңберінде электрмен жабдықтаудың 27 субъектісін шамамен 4 миллион «ақылды» есепке алу аспаптарымен жарақтандыру жоспарланған, - деді ол.
Ерлан Ақкенженов осының арқасында электр энергиясының нормативтік шығындарын азайту есебінен 57 млрд теңге үнемделетінін айтады.
Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында электр энергетикасы саласын дамыту мен цифрландыру барысы талқыланды.