Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да бола алатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, кейбір азаматтар әлеуметтік желі арқылы «Әуреге түскенше, өзге елдің Конституциясын көшіріп ала салу керек қой» деген де пікірлерін жолдап жатыр.
«Соңғы уақытта цифрландыру, цифрлық технология секілді мүлде жаңа бағыттардың дамып, өркендеуіне байланысты көптеген мемлекеттер тиісті нормаларды конституциялық-құқықтық жүйеге енгізуді ойластыруда. Біздің ел алғашқылардың бірі болып цифрлық деректерді қорғау нормасынКонституцияға енгізіп отыр. Яғни, жаңа мәтіндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да бола алады», деп атап өтті Ерлан Қарин.
Мемлекеттік кеңесші Конституцияның 21-бабының 1 және 2 тармақтарында жеке өмірге қол сұқпау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік берілетінін айтты.
«Яғни, цифрлық кеңістікте жеке деректерді қорғауды адам құқықтарын қорғаудың жаңа өлшемі ретінде тұңғыш рет Конституцияда белгілеп отырған елдердің біріміз. Бұл – жаңа Конституцияның болашаққа бағытталғандығының тағы бір дәлелі», деп нақтылап өтті ол.
Ерлан Қариннің айтуынша, аймақтың құқықтық жүйесіндегі үлкен жаңашылдық – әйгілі Миранда ережесінің конституциялық деңгейде бекітілуі. Бұл өзгеріс азаматтардың құқықтық тұрғыдан қорғалуын арттырып, құқық қорғау органдарының қызметіне жаңа талаптар қояды.
Конституциялық комиссияда жаңа Ата Заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Сонымен қатар жаңа саяси институттардың енгізілуі – Орталық Азия аймағы үшін ғана емес, жалпы айналамыздағы үлкен кеңістік үшін де саяси жаңашылдық болып саналады. Ерлан Қарин бұл тұрғыда бір палаталы парламент, вице-президент институты, «Халық кеңесі» жоғары консультативтік органы, Конституциялық соттың енгізілуі – көптеген елдердің саяси жүйесімен салыстырғанда, үлкен саяси инновациялық қадам екенін атап өтті.
«Президент ұсынған конституциялық өзгерістерді тек қана жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асыру бастамасы да – біздің аймақ үшін маңызды шешімдердің бірі. Көптеген лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты бір реттік мерзім белгілеу де – Ата Заң жобасындағы маңызды жаңашылдықтың бірі», деп түсіндірді Мемлекеттік Кеңесші.
Сондай-ақ Мемлекеттік Кеңесші атап өткендей, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, қоршаған ортаны – табиғатты аялау, волонтерлік, ата-аналарға жауапкершілік секілді қоғамдық дамуда пайда болып отырған жаңа талаптар, құндылықтар жаңа Ата Заңда қамтылды. Бұл да жаңа Конституцияның қоғамның қазіргі жағдайына, даму деңгейіне сәйкес екенін көрсетеді.
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
«Жаңа Ата Заңдағы бірқатар саяси және институционалдық жаңашылдықтар аймақтағы және әлемдік конституциялық тәжірибеде сирек кездеседі. Түйіндеп айтқанда, басқа елдердің Конституциясын көшіру, қайталау – біздің жолымыз емес. Керісінше, келешекте Қазақстан жаңа Конституция арқылы өзге елдерге өзіндік үлгі, бағдар болмақ», деп қорытындылады сөзін Ерлан Қарин.
Соңғы жаңалықтар
Ата заң • Бүгін, 17:56
Жапонияда жауған қалың қар салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:32
«Көмбенің» көмескі ізі: Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын
Спорт • Бүгін, 17:15
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Конституциялық комиссияда жаңа Ата Заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:57
Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды
Ата заң • Бүгін, 16:45
Сыр өңірінде шибөрі неге көбейді?
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады
Ата заң • Бүгін, 16:22
«Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекіту ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:12
Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:01
Ата заң • Бүгін, 15:54
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:50
Нұрлыбек Нәлібаев: Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық
Экология • Бүгін, 15:35
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтіп жатыр
Ата заң • Бүгін, 15:03
Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады
Несие • Бүгін, 14:48