Ерлан Қарин: Конституциялық реформа қоғам бірлігі мен халық ынтымағының айғағы

13.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бүгін Астанада өткен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы референдумның маңызы мен жаңа Ата Заңның философиясына тоқталды. Ол ұлттық бірлік пен халық сенімі реформалардың басты қозғаушы күші екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік кеңесші сөзін ел бірлігіне қызмет етудің қадір-қасиетін айқындаудан бастады.

«Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Мемлекет басшысы: «Ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету – ең жауапты әрі сауапты іс», – деген еді. Президенттің осы сөзін түрлі жиындарда үнемі қайталап жүремін. Бірлікте және бірлікке қызмет ету – жақсылықтың ең абзалы. Өйткені жұмылып істеген істің пайдасы да, нәтижесі де орасан болады», деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші Конституциялық реформаның ұзақ уақыт бойы жан-жақты талқыланғанын, бұл құжаттың бүкілхалықтық сипатын ерекше атап өтті.

«7 айдан астам уақыт бойы дайындалып, пысықталған Конституциялық реформа – қоғам бірлігі мен халық ынтымағының айғағы. Бұл жаңа Ата заңды әзірлеуге мыңдаған адам қатысты. Сондықтан Жаңа Конституция еліміз үшін берекелі құжат болады деп сенемін», деді ол.

Ерлан Қарин: Конституциялық өзгерістер халық мүддесіне қызмет етеді

Бұған қоса, Ерлан Қарин өңірлердегі кездесулерге тоқталып, халықтың реформаларға деген ықыласы мен Мемлекет басшысына деген сенімін атап өтті.

«Азаматтарымыздың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдап отыр. Бұл қолдаудың өзегінде – Мемлекет басшысына және оның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан өзгерістерге деген үміт бар. Егер халық билікке сенбесе, реформаларды бастау да қиын болар еді. Тек халықтың қолдауы бізге осындай жүйелі өзгерістерді жасауға күш беріп отыр», деді Ерлан Қарин.

Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші қоғамдағы пікір алуандығына тоқталып, реформаны сынаушыларға қатысты өз ойын білдірді.

«Бүгінде еліміздің әр азаматы өз ойын, өз пікірін еркін айтуға құқылы. Сондықтан, бүгінде болып жатқан өзгерістерді біреулер қолдайды, біреулер сын айтады, біреулер сұрақ қояды. Бұл – біз құруға ұмтылған ашық қоғамның белгісі. Бірақ сол сын айтып жүргендер ұлттық бірегейлікке, аумақтық тұтастыққа немесе дәстүрлі құндылықтарды қорғауға бағытталған нормаларға қарсы болғандарын түсіне ме?!», деді ол.

Ерлан Қарин Президенттің неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді

Ерлан Қариннің айтуынша, осындай тағдыр шешті сәтте тұтас қоғамды артқа тарту – дұрыс емес. Ол жаңа Конституцияның басты миссиясы – саяси көзқарасына қарамастан, әрбір қазақстандықтың құқығын тең қорғау екенін түсіндірді.

«Түптің түбінде жаңа Конституция оны қолдағандарды да, күмән келтіргендерді де бәрібір бірдей қорғап, тең кепілдік береді. Ертең бір азаматымыз әлемнің бір шетінде қиын жағдайға ұшыраса, мемлекет оны жалғыз қалдырмайды. «Әр қазақ – жалғызым» деген ұлттық ұранымыз енді «Әр азамат – басты құндылық» деген конституциялық қағидатқа айналды», деп нақтылады Мемлекет кеңесші.

Жаңа Ата заңда «адам» сөзі 76 рет кездеседі: Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігін атады

Сөз соңында Ерлан Қарин референдум өткізілетін күнді Жаңару күні деп атап, оның тарихи маңызына назар аударды.

«15 наурыз – бұл тек референдум күні емес, бұл – Жаңару күні. Егер азаматтарымыз қолдаса, біз жаңа дәуірге аяқ басамыз. Адамдар тұрғын үйден заңсыз шығарылмайды, жеке деректер қорғалады, егемендіктің иесі халық болып танылады. Жаңа Конституция үлкен жаңашылдықтардың, берекелі істердің бастауы болсын!», деп түйіндеді Мемлекеттік кеңесші.

Соңғы жаңалықтар

Биыл Түркістан облысында екі жаңа су қоймасының құрылысы аяқталады

Аймақтар • Бүгін, 15:35

Ерлан Қарин: Конституциялық реформа – қоғам бірлігі мен халық ынтымағының айғағы

Ата заң • Бүгін, 15:17

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Мереке • Бүгін, 15:15

Елімізге көшіп келетіндер көбіне қай өңірге қоныстанады?

Аймақтар • Бүгін, 14:53

Қазақстанның пошта жүйесі ең үздік 40 елдің қатарына кірді

Қазақстан • Бүгін, 14:44

Алматыда Болат Мұхамедиев шығармашылығына арналған көрме ашылды

Өнер • Бүгін, 14:33

Атырауда есірткі тұтынған ер адам 30 тәулікке қамауға алынды

Аймақтар • Бүгін, 14:21

Бірлескен жұмыс – нақты нәтижеге қол жеткізеді

Саясат • Бүгін, 14:10

Түркияда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:03

Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды

Қылмыс • Бүгін, 13:56

Ақтөбеде қоқыс алаңдарының бірінен ер адамның мәйіті табылды

Қылмыс • Бүгін, 13:46

Бинұр Жәленов Ұлттық банк Төрағасының орынбасары болды

Тағайындау • Бүгін, 13:31

Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды

Президент • Бүгін, 13:24

Иран Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығына соққы жасады

Саясат • Бүгін, 13:12

Мал шаруашылығы: Жеңілдетілген несие неше пайызбен беріледі?

Шаруашылық • Бүгін, 12:58

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью