Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған жарлықта.
Бүгін Тоқаев осы лауазымға Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынған болатын.
141 Құрылтай депутаты Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдап дауыс берсе, 4 депутат қалыс қалған.