Ерлан Қошанов: Халық жаңа Конституцияны “Тоқаевтың Әділетті Конституциясы“ деп атады

19.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жаңа Конституцияда ғасырлар бойы Ұлы Даладағы құқықтық қатынастарға негіз болған әділдік идеясы төрге озып тұр. Мәжіліс төрағасы, "Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" жалпыұлттық коалициясының жетекшісі Ерлан Қошанов "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында осылай деді.

Жаңа Конституцияда ғасырлар бойы Ұлы Даладағы құқықтық қатынастарға негіз болған әділдік идеясы төрге озып тұр. Мәжіліс төрағасы, "Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" жалпыұлттық коалициясының жетекшісі Ерлан Қошанов "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында осылай деді.

"Жаңа Конституцияның негізінде ғасырлар бойы бабалар танымынан түспеген құндылық – әділдік идеясы жатыр. Сондықтан қазіргі Ата заңды халық "Тоқаевтың Әділетті Конституциясы" деп атағаны таңғаларлық жағдай емес. Бұл анықтама кеңселерде пайда болған жоқ, әңгімелесу барысында, кездесулерде, ашық талқылауларда, яғни халық арасында пайда болды", – деді Мәжіліс төрағасы.

Ерлан Қошанов бұл әдемі метафора ғана емес, көне мен жаңаның, уақыттың үндестігі үзілмегенін көрсететін құбылыс екенін атап өтті.

Журналист сұрағына жауап берген спикер ежелден ел өміріне жақсылық әкелген оқиғаларды жұртшылық туған халқының тағдыры үшін басын бәйгеге тіккен тұлғаларға әділ телитінін еске салды. Әсіресе, қазақ тарихындағы маңызды саяси, құқықтық реформалар жасаған тұлғалардың қызметін ерекше бағалап, есте ұстайтынына назар аударды.

Оған мысал ретінде "Қасым ханның қасқа жолын", "Есім ханның ескі жолын" тілге тиек етті. Тәуке хан өз халқына "Жеті жарғы" атты заңдар жинағын ұсынып, "Әз Тәуке" деген атпен тарихта қалғанын айтты.

Саясаткердің пікірінше, жұртшылықтың жаңа Конституцияға деген ықыласы – тарихи сабақтастықтың үзілмегенін көрсететін құбылыс. Ол идеяларда, құндылықтарда орныққан. Ел дамуының іргетасына айналған әділдікте де, оған деген ұмтылыста да осы үндестік бар.

Ерлан Қошанов халқымыз ертеден бері қолданып келе жатқан осы құқықтық жүйелер мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары әділдік принциптеріне тұнып тұрғанын атап өтті. Өйткені, олар әлі күнге қоғам сұранысына сай келеді, өз дәуірінің рухымен үндеседі, мемлекетті алға жетелейді.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью