Ерлан Саиров Президент реформаларын қолдайтынын мәлімдеді

13.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ерлан Саиров «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезіне қатысты пікірін айтып, өзінің «Әділеттің» атынан Құрылтай сайлауына кандидат ретінде ұсынылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол осы ретте «Әділет» партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық курсын басты қолдаушы екенін атап өтті.

– Бұл мен үшін үлкен сенім кредиті деп білемін. Мен 2019 жыл 19 наурыздан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдап келемін. Президент Тоқаев билікке келген уақыттың ішінде өте күрделі кезеңдер болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының тәуелсіздігі мен игілігі жолында өз тағдырын тәуекелге тікті. Бұл – шынайы ерліктің көрінісі. Дәл осы кезеңде Президент Қазақстанда түбегейлі, бірақ эволюциялық саяси реформаларды жүзеге асырды. Қазақстан Республикасының экономикасы жекелеген тар топтардың монополиялық ықпалынан арылды. Қазақстан Республикасының бюджеті азаматтарымыздың күнделікті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталды.

Осы уақыт ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы мен Қазақстан азаматтарының мүдделерін қорғау және қолдау жолында бар күш-жігерін жұмсады.

Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде жаңа саяси қондырма мен экономикалық базисті қалыптастырудың негізгі іргетасы, - деді ол. 

Ерлан Саиров алдағы уақытта Президент бастамаларын іске асыруға «Әділет» партиясы белсене атсалысатынын жеткізді.

– «Әділет» партиясының съезінде делегаттардың басым көпшілігін жастар құрады. Бұл – өте дұрыс әрі маңызды үрдіс. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанның болашақтағы тәуелсіздігін нығайтып, оны қорғауға қабілетті жас саясаткерлердің билікке келуіне жол ашып отыр. Мен бұл саясатты толық қолдаймын және оны еліміздің болашағы үшін маңызды қадам деп есептеймін. Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту жолында бар күш-жігерімді жұмсаймын, - деп жазды Ерлан Саиров.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью