Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Бүгінгі Құрылтай отырысында «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайыр Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға ұлттық құндылықтарға негізделген амандасу әдебін қалыптастыруды көтеріп, өз сауалын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Басты міндет халқымыздың баға жетпес қазынасы ұлттық мұраны» сақтау деп атап өтті! Мемлекет Басшысының амандасу әдебін ұлттық құндылықтарға сай дамыту мәселесін көтеруі де осы саясаттың нақты көрінісі. Ел үшін мәдениет – концерт, театр немесе музеймен ғана шектелмейді. Мәдениет – адамның күнделікті мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан, қоғамдағы әдебінен көрінетін өмір салты. Осы тұрғыда амандасу мәдениеті – ұлттық бірегейліктің ең қарапайым әрі ең көрнекті элементінің бірі. Әлем халықтарының тәжірибесіне қарасақ, сәлемдесу рәсімі олардың ұлттық болмысының көрсеткіші. Жаһандану жағдайында әр халықтың өзіндік амандасу мәдениетін сақтау – ұлттық мәдени ерекшелікті сақтаудың бір тетігі, – деді депутат Ерлан Биахметұлы.
Депутат қазақ қоғамында амандасудың өзіндік қалыптасқан жүйесі болғанын сөз етті.
– Бұл дәстүрлердің астарында үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, ағайын арасындағы байланысты сақтау сияқты құндылықтар жатыр. Қазақ сәлемдесуінің басты ерекшелігі ұстамдылық. Сәлемдесу – сол мәдени кодтың ең қарапайым, бірақ ең терең белгілерінің бірі. Ал мәдени код үлкен ұрандардан емес, күнделікті әдеттен басталады. Сондықтан бұл мәселені бір реттік акция немесе тәрбие жұмысы ретінде емес, ұлттық бірегейлікті нығайтатын ұзақ мерзімді мемлекеттік мәдени саясаттың бір бағыты ретінде қарастыруды ұсынамыз, – деді ол.
Ерлан Сайыр осыған байланысты амандасу әдебін ұлттық құндылықтарға негізделген әлеуметтік норма ретінде қалыптастырудың нақты әдістемелік ұсынымдарын дайындауды әрі Президентмектептерде амандасу әдебін күнделікті тәрбие жұмысының тұрақты элементі ретінде енгізуді сұрады. Оның үстіне депутат сынып сағаттары, мектеп ережелері, тәлімгерлік, ата-анамен жұмыс, педагогтердің жеке үлгісі және мектептің күнделікті мәдени ортасы арқылы амандасу әдебін орнықтыру тетіктерін қарастыруды көтерді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйелерімен бірлесіп, ұлттық әдеп нормаларын заманауи тәрбие жұмысының мазмұнына енгізу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді керегін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Aiqyn газетінде «Сәлемі дұрыстың әдебі дұрыс» деген мақалада амандасу қарапайым рәсім сияқты көрінгенімен. Дәстүрлі қоғамда амандасудың мәні жай ғана жалаң қимылмен шектелмеген. Оның өн бойында адамның жасы, жынысы, туыстық дәрежесі, әлеуметтік мәртебесі, өзара қарым-қатынасы, тіпті халықтың ұят, ізет, сыпайылық, сыйластық туралы түсінігі тоғысып жатқан. Сондықтан Президенттің жүріс-тұрыс әдебі жайлы айтқан сөзінде терең тарихи негіз бар. Сол себепті де Мемлекет басшысы дәстүрлі құндылықтарды қайта жаңғырту қажет екенін алға тартып, сәлемдеудің де өз әдебі бар екенін айтқан болатын.
Aikyn.kz. сайтына дирижер Арман Жүдебаев амандасу мәдениетінің қоғамдағы рөліне тоқталып, оның ұлт мәдениетіндегі орны туралы пікір білдірді.
Оның айтуынша, әр халықтың өзіндік сәлемдесу мәдениеті бар.
– Бұл – жай ғана күнделікті әрекет емес, тұтас ұлттың дүниетанымын, тәрбиесін және адамға деген көзқарасын танытатын мәдени белгі. Қазақ үшін амандасу – ең алдымен құрметтің көрінісі. Қолды жүрек тұсына қойып, «Ассалаумағалейкум!», «Сәлеметсіз бе!» деп ізет білдіру – сыртқы рәсім ғана емес, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі, – деді ол.