Ерлер есімі ұмытылмайды

25.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Атырау қаласындағы көшелер Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер мен қызмет барысында көз жұмған полицейлердің есімімен аталатын болды. Шаһар мәсли­хатының сессиясында кейбір көшелер мен өткелдерге ерлікпен қаза тапқан ерлердің есімін беру туралы шешім қабылданған.

Қала әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың пікі­рінше, өңірде ерлігі ұмы­тылмас ерен жандар бар. Осындай есімдері ел есінде сақталуға тиіс біртуар перзенттерімізді жас ұрпақ білуі қажет.

Есімі ел жадынан өшпейтін жан­ның бірі – Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова. Осы кезге дейін батыр ұшқыштың атымен «СМП-163» шағын ауданындағы шағын көше аталған еді. Енді қаһарманның есімі басқа көшеге берілді.

«Халық қаһарманы Хиуаз Доспа­нованың есімі берілген Луговая көше­сінің ұзындығы шамамен бір шақырымға созылады. Бұл көше «Авангард» тұрғын алабының 2 және 4-шағын ауданының аралығымен өтіп, «Мерей» базарынан «Жеңіс» саябағына қарай созылып жатыр», деп хабарлады М.Мұқасов.

Тағы бір майдангер – Атырау облы­сының құрметті азаматы Орынғали Қарасаев. Қиыр Шығыста 13-теңіз атқыштар бригадасының танк полкінде жауға қарсы шайқасты. Елге 1947 жылы ғана оралған. Бейбіт өмірде өңірлік деңгейде басшылық қызметті атқарып, облыстық ардагерлер кеңесін басқарды. Енді «Самал» шағын ауданындағы №2 өткел майдангердің атымен аталған көшеге айналды.

Әкім орынбасарының дерегіне сүйенсек, қыз­меттік міндетін атқару кезінде қаза тапқан екі полицейдің есімін №14 және 15-өткелге беру ұйға­рылыпты. Енді қос өткел атауы бар көшелер қата­рын толықтырды. 

«Қаза тапқан тәртіп сақшысы Шал­қар Ақымғалиев жол-патрульдік полиция батальонында қызмет атқарды. Ол 2019 жылы Жайық өзеніне батып бара жатқан қызды құтқару кезінде қаза тапты. Ал кіші сержант Нұрберген Өтемісов кезекшілік кезінде қашып бара жатқан құқық бұзушының көлігін тоқтатпақ болған. Сол кезде автокөлік қағып кетіп, алған жарақаты салдарынан көз жұмды», деп мәлім етті М.Мұқасов.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Бизнесті қолдау шараларында кемшін тұстар көп

Саясат • Бүгін, 08:35

Астана әрдайым ауқымды істердің бастауында тұруға тиіс

Президент • Бүгін, 08:33

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Экономиканы әртараптандыру – стратегиялық бағыт

Экономика • Бүгін, 08:27

Тазалық міндеті мен жауапкершілігі

Саясат • Бүгін, 08:22

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Қордаланған мәселелерді қамтыған заңдар

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:15

Аналар институтының қоғамдағы орны айрықша

Қоғам • Бүгін, 08:12

Түзеу мекемесіндегі өндіріс нысаны

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Азаттық күрескерінің ағартушылық жолы: Қоңырқожа Қожықовтың туғанына – 145 жыл

Зерде • Бүгін, 08:05

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью