Ерлі зайыптылардың екеуі де қайтыс болды: олардың ортақ мүлкі қалай бөлінеді

13.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ерлі-зайыптының екеуі де қайтыс болған жағдайда бірлесіп жинаған мүліктегі үлесті қалай анықтауға болады? Қарағанды облысының Шахтинск қалалық соты ортақ мүліктегі жұбайлардың үлесін анықтау туралы істі қарап, осы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Поделиться

Мұрагер неге сотқа жүгінуге мәжбүр болды?

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшының ата-анасы заңды некеде болған және бірлесіп өмір сүрген жылдары жылжымалы және жылжымайтын мүлік, соның ішінде пәтер сатып алған.

Жұбайлардың бірі қайтыс болғаннан кейін мұра қалды. Алайда мұрагер нотариусқа жүгінген кезде оған мұрагерлік құқықтарды рәсімдеуден бас тартылған. Оған ортақ мүліктегі ерлі-зайыптының үлесін анықтау қажет болған, ал ол кезде жұбайлардың екеуі де қайтыс болып кеткен еді.

Қазақстандық ата-анасының әрқайсының бірлесіп жинаған мүліктегі үлесін анықтау туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот ерлі-зайыптының үлесін тең деп таныды

Сот мүлік ерлі-зайыптының заңды некеде тұрған кезеңінде алынғанын анықтады.

Азаматтық кодекстің 223-бабы 1-тармағына сәйкес, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптының неке кезінде жинаған мүлкі олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады.

Сонымен қатар, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 221-бабы 2-тармағына сәйкес, ерлі-зайыптының ортақ мүлкін бөлу және үлестерін бөліп шығару кезінде, егер заңнамада немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптының үлестері тең деп танылады.

Қайтыс болған жұбайының үлесіне меншік құқығы туралы куәлік рәсімделмегендіктен және ерлі-зайыптының екеуі де қайтыс болғандықтан, олардың үлестерін тек сот тәртібімен анықтау мүмкін болды.

Әрқайсы жарты үлестен алды

"Істі қарау нәтижесі бойынша сот талап арызды қанағаттандырып, ерлі-зайыптының бірлесіп жинаған мүліктегі үлестерін тең - әрқайсына ½ үлестен деп белгіледі", - деп хабарлады сот.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

ерлі-зайыпты Қаза Сот төрелігі

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью