Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ақтық сында отандасымыз жарыс қожайыны, мажарстандық Давид Надьмен кездесіп, 12:15 есебімен қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, беделді додаға 49 елден 352 ер және 282 әйел спортшы қатысып жатыр.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста толық құраммен өнер көрсетіп жатыр. Бас бапкер — Алексей Писцов.
Ерлер құрамында:
Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Кирилл Павлов, Александр Федотов және Никита Жулинский бақ сынауда.Осыған дейін Бразилиядағы әлем чемпионатында қазақстандық Нұрмұхаммед Жайлыбай қылыштасудан қола медальға ие болғанын жазғанбыз.