Ерлікпен қаза тапқан фельдшерге туған жерінде ескерткіш тақта орнатылды

02.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Үтіртөбе ауылында Астанада шұғыл көмек көрсету кезінде ауыр жарақат алып, көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның рухына тағзым жасалды. Ауыл амбулаториясының ғимаратына оның есімі жазылған ескерткіш тақта орнатылып, ел-жұрт батыр қыздың ерлігін еске алды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Іс-шара Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елді мекенінде өтті. Ескерткіш тақтаны орнату бастамасын ауыл ақсақалдары көтерген екен. Салтанатты рәсімге аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш, аудандық мәслихат депутаты Олжас Қаныбеков, Түркістан облыстық жедел жәрдем станциясының басшысы Бақыт Мырзагельдиев, «Асықата» ауруханасы басшысының орынбасары Ерғали Сопбеков қатысты.

Сондай-ақ марқұмның анасы Сәлима Ишанқұлқызы, туыстары, ұстаздары мен ауыл тұрғындары жиналып, ақ халатты абзал жанның жарқын бейнесін еске алды.

Ұлдана Қалдарханқызы 2017-2021 жылдары Астана қаласындағы «Даналық» колледжінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алып, фельдшер біліктілігін иеленген. Оқу орнын үздік дипломмен тәмамдаған жас маман кейін Байқоңыр ауданы жедел жәрдем подстанциясында бригада аға-фельдшері болып еңбек етті.

Әріптестерінің айтуынша, ол кәсіби адалдығымен, шұғыл жағдайларда батыл шешім қабылдай білетін табандылығымен ерекшеленген. Қауіптің алдыңғы шебінде жүріп, адам өмірін сақтап қалуды басты мұрат еткен жас маман қызметтік міндетін атқару барысында ерлікпен қаза тапты.

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

Мемлекеттік марапат және ел құрметі

Жиын барысында Ұлдананың адамгершілік болмысы, ел есінде қалған еңбегі туралы жылы естеліктер айтылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлдана Мырзуан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғаны атап өтілді. Марқұмға құран бағышталып, дұға жасалды.

Ауылдастарының бастамасымен амбулаторияға орнатылған ескерткіш тақта мен демалыс және спорт аймағына оның есімін беру – ерлікке көрсетілген құрметтің айқын көрінісі.

Астанада медициналық колледждегі дәрісханаға Ұлдана Мырзуанның есімі беріледі

Қысқа ғұмырында кәсібіне адалдықтың, адам өмірі үшін күрестегі жанқиярлықтың үлгісін танытқан Ұлдана Мырзуанның есімі ел жадында сақталады. Бұл – өткенге тағзым ғана емес, кейінгі ұрпаққа аманат.

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция жобасы кемел қоғамның моделін ұсынады

Ата заң • Бүгін, 14:48

«Отбасы банк» ипотеканы зейнетақы қаражатымен өтеуге өтінім қабылдауды қайта бастады

Банк • Бүгін, 14:35

Алматыда жаппай жарық өшуі мүмкін

Алматы • Бүгін, 14:32

Өскемендегі университетте жаңа Конституция және референдумды қолдау мәселесі талқыланды

Ата заң • Бүгін, 14:24

Елорда әуежайында дабыл жүйесі іске қосылуы мүмкін

Оқиға • Бүгін, 14:18

Иран неге америкалық және израильдік ұшақтарды атып түсіре алмайды?

Әлем • Бүгін, 14:02

Ғалымдар жаңа Конституцияға қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 14:00

Көктемгі каникул: Оқушылар неше күн демалады?

Қоғам • Бүгін, 13:42

«Qyran» тұрғын үй кешені пәтерлерді екі адамға қатар сатқан

Заң • Бүгін, 13:30

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 13:16

Трамп Иранға қарсы операция мерзімін атады

Саясат • Бүгін, 13:00

Ақпан айында теңге бағамы қалай өзгерді?

Қаржы • Бүгін, 12:56

Ресейден әкелінген қызанақтан вирус анықталды

Оқиға • Бүгін, 12:48

19 млн тонна көмір: Жаңа жобаларға қажетті көлем қалай қамтамасыз етіледі?

Қоғам • Бүгін, 12:30

Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты «жедел желі» нөмірлерін іске қосты

Саясат • Бүгін, 12:21

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью