Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалды, деп жазылған хабарламада.
Ермек Сағымбаев 1967 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын, Кеңес Армиясының Қарулы Күштерінде әскери қызметінен бастаған.
1994-2006 жылдары Ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарған.
2006-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі аппаратында, сондай-ақ жедел қамтамасыз ету бөлімшелерінде офицерлік және басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентін күзету қызметінің бастығы болған.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары.
2021-2022 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;
2022 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (06.01.2022 жылдан бастап, 28.11.2022 жылы қайта тағайындалған).