Ермұрат Бапи: Әлемде саяси ахуал ушыққан тұста жаңа Конституция жобасының маңызы арта түсті

04.03.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бапи жаһанда саяси ахуал ушығып тұрғанда Қазақстан өзі таңдаған жолынан таймай, ел қауіпсіздігі үшін батыл бастамаларға бет бұруға тиіс екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Ермұрат Бапи осы бағытта біз үшін ең маңызды бастама – жалпыхалықтық референдумға ұсынылған жаңа Конституцияның жобасы екенін атап өтті. Сондай-ақ ол қоғам көптен күткен нақты саяси өзгерістер бастамасының маңызын түйсінбей, қиямпұрыс қылық танытып жүрген жекелеген азаматтар бар екенін сынға алды.

«Осы ретте бірден сұрайын, жаңа Конституцияның жобасын оңды-солды, тисе терекке, тимесе бұтаққа деп сынаушылар ескі жүйенің «диірменіне су құйып» жүргендерін біле ме екен? Жалпы, елдің іші мен сыртындағы нақты реализм мен конструктивизмнен жұрдай сыншылық бүгінгі жағдайда тап-таза популизмнің үлгісі болмақ. Иә, Ата заңның жобасындағы жекелеген баптарда сыртқы тәуекелдерді өз қолымызбен тудырмас үшін, сабырға дес берудің сақтық қажеттілігі жасалғанын жасыруға болмайды. Бұл – жаһандық тұрақсыздық күшейген кезеңде мемлекеттің ішкі бірлігін, басқару тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сақтық шарасы», деді депутат.

Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты

Мәжілісмен қоғамда «Жаңа Конституция суперпрезиденттік жүйені қайтадан қалпына келтіреді» деген қаңқу сөздердің тарауы жаңсақ пікір екенін де жеткізді. 

«Біз бұл жаңа Конституцияны қабылдаған соң, «ескі Қазақстанмен» толық қош айтысамыз! 2022 жылғы Конституциялық реформалар кезінде біз суперпрезиденттік модельден бас тартып, бір рет сайланатын жеті жылдық классикалық президенттік жүйеге көштік. Мемлекеттік саяси қызметтегі туыстық ықпал мен мүдделер қақтығысы конституциялық негізде жойылды. Сондықтан ескі жүйенің етжақын «өкілі билікке қайтып келеді» деген қауесеттің ешқандай негізі жоқ», деді ол.

Мәулен Әшімбаев: Конституциялық реформаның басым міндеті – азаматтардың әл-ауқатын арттыру

Ермұрат Бапи 15 наурызда өтетін референдумда Ата заңды қолдау немесе оған қарсы дауыс беру қақысы әркімнің азаматтық ерік-жігеріне байланысты шешім болғанмен, азаматтарға әлемдегі саяси ахуалды қаперге алуды да еске салды. 

«Жер-дүние соғыс дүмпуімен теңселіп тұрған кезде, бізге бітіспес теке-тірес қажет пе, жоқ әлде елдің ертеңі мен тәуелсіздіктің тұрақтылығына жандәрмен азаматтық жауапкершілік артық па? Біз елдік және территориялық тұтастыққа тәнтіміз бе, әлде бізді іштен ірітуге әуес әлдекімдердің әупіліне желігіп, тоз-тоз боп жүре берейік пе? Осы сұрақтардың сұлбасы тұрғысынан айтар болсам, мен 15 наурызда баршаңызды референдумға қатысуға шақырамын», деді Ермұрат Бапи.

Бибігүл Жексенбай: Жаңа Конституция – Ұлттық құрылтайда басталған реформалардың логикалық жалғасы

Соңғы жаңалықтар

«Хабар» мен 24KZ жаңа маусымда көрерменге қандай жобалар ұсынады?

Қоғам • Бүгін, 15:59

Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүлкіне құқықтық баға беруді талап етті

Қоғам • Бүгін, 15:49

Енді көліктің техникалық паспортын Kaspi.kz арқылы ауыстыруға болады

Қоғам • Бүгін, 15:43

8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

Мереке • Бүгін, 15:25

Көкшетауда жылына 300 мың тонна өсімдік майы өндірілмек

Өндіріс • Бүгін, 15:05

«Реал» тағы да бапкер ауыстырады

Футбол • Бүгін, 14:49

Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты

Аймақтар • Бүгін, 14:40

Ормұз бұғазындағы шектеулер отандық ауыл шаруашылығына қалай есер етеді?

Саясат • Бүгін, 14:35

Тегін тамақтандыру: Мектептер онлайнға көшкенде кәсіпкерлердің шығынын кім өтейді?

Қоғам • Бүгін, 14:23

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Президент • Бүгін, 14:12

8 наурыз қарсаңында арзан бағада азық-түлікті қайдан сатып алуға болады?

Елорда • Бүгін, 13:44

«Бәйтерек» холдингі 300 млрд теңгеден асатын 144 жобаны мақұлдады

Үкімет • Бүгін, 13:24

АҚШ пен Эквадор әскері есірткі топтарына қарсы біріккен операцияны бастады

Әлем • Бүгін, 13:00

Ирандағы жағдай сауда қатынастарына қалай әсер етеді?

Сауда • Бүгін, 12:47

Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Серік Жұманғарин баға өсімінің себептерін атады

Қоғам • Бүгін, 12:35

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью