Ерніне сәтсіз ота жасалған қостанайлық әйел сот арқылы 1,3 млн теңге өндіріп алды

23.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: istockphoto.com

Іс материалдарына сәйкес, әйелге 2024 жылдың қазан айында ерін пішінін түзетуге арналған хейлопластика жасалған. Нәтижеге көңілі толмаған әйел 2025 жылдың сәуірінде екінші рет ота жасатқан.

Ақтауда косметологиялық қызмет көрсеткен орталықтан 250 заңсыз препарат тәркіленді

Алайда уәкілетті органның тексерістері нәтижесінде операция жасаған адамның пластикалық хирург сертификаты мен медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы болмағаны анықталған. Сонымен қатар қажетті медициналық құжаттар да рәсімделмеген.

«Сот тағайындаған кешенді сот-медициналық сараптама нәтижесінде науқастың жоғарғы ернінде тіндердің шамадан тыс алынуынан тыртықты деформация пайда болғаны белгілі болды. Сарапшылар операциялар мен денсаулыққа келген зиян арасында тікелей байланысты анықтап, «орташа ауырлықтағы» зиян келтірілген деп бағалады», делінген хабарламада.

Сот шешімімен талапкердің пайдасына екі операцияның құны, моральдық өтемақы мен сот сараптамасына кеткен шығын есептеліп, 1,3 миллион теңге өндірілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы жеке клиникада липосакциядан кейін блогер әрі кәсіпкер Сәуле Ермаханова қайтыс болған еді. Көп ұзамай дәл осындай қайғылы жағдай Маңғыстау облысында тіркелді. Ақтауда облыстық мәслихат депутаты болған Ербол Айтуов клиникалық отадан соң қайтыс болды деген ақпарат тарады. Осыдан соң Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық хирургия қызметін көрсететін клиникаларға жоспардан тыс тексеру жүргізетінін хабарлаған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью