Ерночь, Қызточно және Отберина қазақстандықтар өз есімдеріне альтер эго ойлап тапты

19.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар өз есімдері мен тектерін әзілмен ұштастырып, оларға өзіндік альтер-эго ойлап табатын жаңа тренд тарап жатыр. Бірі антонимдер таңдаса, енді бірі күтпеген ұйқас пен қызықты сөз тіркесін қолданады. Толығырақ - Tengri Life материалында.

Бұл тренд желі қолданушыларының назарын тез аударды. Стендап-комик Вероника Ким де бұл челленджге қосылды. Ол өз жазбасында тегі қазақтың "кім" сөзімен ұйқастығына назар аударған.

Скриншот: Threads

Актер Ерден Телемісов те шет қалмады. Оның есімі Ертүн болып өзгерді.

Скриншот: Threads

Тағы бір жазбада қолданушылар америкалық бизнесмен Джефф Безостың есімін әзілге айналдырып, оны "Джеф без ос" (арасыз Джефф) деп өзгертті. Балама ретінде олар "Джеф с осами" (аралы Джефф) нұсқасын ұсынды.

Скриншот: Threads

Қазақстандық қолданушылардың жазбалары

Трендке қарапайым желі қолданушылары да қосылды. Мәселен, Ұлмекен есімді қыз әзілге келтіріп, өзін "Қызточно" (Қызнақты) деп атауды жөн көрген.

Скриншот: Threads

Ұлболсын есімді тағы бір қазақстандық трендті қолдап, есімінің бір бөлігін өзгертті. Нәтижесінде "Ұлбодочь" (Ұлбоқыз) деген нұсқа шықты.

Скриншот: Threads

Кейбір қазақстандықтарға есімдеріне балама ойлап табудың қажеті де жоқ. Мысалы, павлодарлық Айманның Шолпан есімді егіз сыңары бар.

"Егізіммен бірге трендке қосылып жатырмыз. Өзіміз Павлодарданбыз, Астанада тұрамыз", - деді ол.

Скриншот: Threads

Дарина да өз есіміне түзету енгізді - енді ол "Отберина". Екі-ақ әріп өзгеріп еді, таныс есім мүлдем басқаша естіле бастады.

Скриншот: Threads

Дамир де өз есіміне балама тапты. Енді ол "Нетвойна" болып оқылады.

Скриншот: Threads

Айта кетейік, 2025 жылы әлеуметтік желілерде тағы бір тренд танымал болған еді. Ол кезде қолданушылар өз суреттерін жариялап, сырт келбетін танымал тұлғалармен және кино кейіпкерлерімен салыстыруды ұсынған. Көп таралған нұсқалар қатарында "Острые козырьки" сериалындағы Томас Шелби, әнші Дуа Липа және "Игра в кальмара" сериалы арқылы танылған оңтүстіккореялық актриса әрі модель Чон Хоён мен өзге де жұлдыздар болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық қыздардың жаңа тренді полицейлерді таңғалдырды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью