Ертең елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

24.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

24 қаңтар күні түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында қар жауады, ал күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында, күндіз батысында, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде екпіні 15–20 м/с.

Қарағанды облысының батысы мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде түнде, ал күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында көктайғақ болады.

Атырау облысының шығысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жел шығыс және солтүстік-шығыстан соғады, облыс орталығында екпіні 15–18 м/с.

Жамбыл облысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың таулы аймақтарында екпіні 15–20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады.

Абай облысында түнде қар, боран болады, ал күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында қар, боран болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15–20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында және оңтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жетісу облысының шығысында және таулы аймақтарында кей уақыттарда тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.

Айта кетелік ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылған еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью