Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

07.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 8 ақпанда Қазақстанның барлық 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр құрайды. Шымкентте және Түркістанда 8 ақпанда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз кей уақыттарда секундына 23-28 метр дейін жетеді. Алматыда 8 ақпанда түнде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта 8 ақпанда түнде тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз кей уақыттарда секундына 23-28 метр дейін жетеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Көкшетауда 8 ақпанда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні секундына 15-20 метр.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні секундына 15-20 метр. Петропавлда 8 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні секундына 15-20 метр.

Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні секундына 15-20 метр құрайды. Талдықорғанда 8 ақпанда түнде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр құрайды. Оралда 8 ақпанда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр құрайды. Атырауда 8 ақпанда күндіз көктайғақ, кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болып, күндіз облыстың шығысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр құрайды. Қызылордада 8 ақпанда кей уақытта тұман болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болып, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей уақыттарда секундына 23 метр дейін жетеді. Жезқазғанда 8 ақпанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болып, түнде облыстың солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр құрайды, облыстың оңтүстігінде, орталығындағы екпіні секундына 25 метр дейін жетеді. Ақтауда 8 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні секундына 15-20 метр.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болып, күндіз облыстың батысында, шығысында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр құрайды.

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей тұста секундына 23-28 метр дейін жетеді. Таразда 8 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-18 метр құрайды.

Соңғы жаңалықтар

Ерлан Қарин: Еліміз алғашқылардың бірі болып цифрлық деректерді қорғау нормасын Ата Заңға енгізіп отыр

Ата заң • Бүгін, 17:56

Жапонияда жауған қалың қар салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 17:32

«Көмбенің» көмескі ізі: Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын

Спорт • Бүгін, 17:15

Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды

Ата заң • Бүгін, 17:01

Конституциялық комиссияда жаңа Ата Заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды

Ата заң • Бүгін, 16:57

Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды

Ата заң • Бүгін, 16:45

Сыр өңірінде шибөрі неге көбейді?

Аймақтар • Бүгін, 16:38

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Ата заң • Бүгін, 16:22

«Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекіту ұсынылды

Ата заң • Бүгін, 16:12

Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 16:01

Бақыт Нұрмұханов: Жаңа Конституцияның жобасына теңгені ұлттық валюта ретінде бекітетін норма енгізілді

Ата заң • Бүгін, 15:54

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады  

Президент • Бүгін, 15:50

Нұрлыбек Нәлібаев: Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық

Экология • Бүгін, 15:35

Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтіп жатыр

Ата заң • Бүгін, 15:03

Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады

Несие • Бүгін, 14:48

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью