Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық айлығы жалғасып жатыр. Оның аясында «Таза аула» атауымен абаттандыру шаралары ұйымдастырылып келеді. 18 сәуірде қала бойынша аумақтарды тазалау акциялары өтеді.
— Осы сенбіде елордада аулаларды санитарлық тазалау жұмысы жүргізіледі. Атап айтқанда, қоқыс жинау, тұрғын үйлердің маңын абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын ретке келтіру, сондай-ақ ағаш отырғызу жұмысы жоспарланған. Қала әкімдігі мүлік иелері бірлестіктерін (МИБ/ПИК), бизнес өкілдерін, волонтерлерді және белсенді тұрғындарды акцияға қатысуға шақырады, — делінген хабарламада.
Экологиялық айлықтың негізгі мақсаты — тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дәріптеу және тұрғындардың аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің жай-күйіне деген жауапкершілігін арттыру.
Әрбір тұрғын мен ұйым қала көшелері мен аулаларын абаттандыруға үлес қосып, оны таза, жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы етуге мүмкіндік алады.
Осыған дейін Қосшыда «Таза Қазақстан» аясында өткен экоплоггингіге 1000-ға жуық адам қатысқанын жазғанбыз