Ертең қай өңірде оқушылар қашықтан білім алады

26.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Астана қаласы:

27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына ( ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Павлодар облысы:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (аяз) 27 ақпанда Павлодар облысында бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары, сондай-ақ 1-2-курс студенттері (9-сынып базасы негізінде) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Абай облысы:

Семей қаласының мектептерінде 2026 жылғы 26 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз) бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждің l,ll курстың окушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Шығыс Қазақстан облысы:

Ертең Өскемен қаласында қатты аязға байланысты (-41) 1-2 ауысымдағы 0-11 сыныптар қашықтан оқытуға көшіріледі. 

Бұдан бұрын бүгін сағат 22:00-ден бастап ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-35°C) бес облыста жолаушылар рейстік автобустары мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктер қозғалысына шектеу енгізілетіні айтылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью