Ертең Режеп Тайип Ердоған БАӘ мен Эфиопияға сапарлайды

15.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Бурханеттин Дуран NSosyal әлеуметтік желісінде мәлім етті.

— 16 ақпанда өтетін кездесулер барысында президент Ердоған мен БАӘ президенті әрі Әбу-Даби әмірі Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдету шараларын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелерді талқылайды, — деп жазды ол.

17 ақпанда президент Ердоған Аддис-Абеба қаласына барып, Абий Ахмед Алинің шақыруымен келіссөздер өткізеді.

Сапарлар аясында келіссөздері аяқталған бірқатар келісім мен құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Осыдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды Газа секторының қалпына келтірілуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған «Бейбітшілік кеңесінің» құрылтайшы мүшесі болуға шақырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью