Ертіс бассейні аумағында заңсыз салынған 13 нысан жойылады

22.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Нәтижесінде, соттың бірінші инстанциясының шешімімен нысанды жою туралы шешім шығарылды, оның ішінде 8-і Абай облысында, 4-еуі Шығыс Қазақстан облысында, 1-еуі Павлодар облысында. Сонымен қатар құқық бұзушыларға жалпы сомасы 9 338 501 теңге көлемінде айыппұл салынды.

– Ертіс бассейндік су инспекциясының мамандары су қорын қорғау және пайдалану саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жаңа Су кодексінде енгізілген мемлекеттік бақылау саласындағы жаңа өкілеттіктер инспекторларға азаматтардың өтініштері мен су заңнамасын бұзу фактілеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, – деді Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы.

Айта кетейік, Жетісу облысында 9 канал реконструкцияланып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью